Accessibility links

Бүгін жергілікті мәслихаттар сайлауының алдын-ала қорытындысы шығарылады


Қазақстанда жексенбі күні өткен жергілікті органдарға сайлауда 55 сайлау округінен 129 кандидат мәслихат депутаттығына ұсынылған болатын. Оның 67% - аудандық, 19% - қалалық, 14% - облыстық мәслихат сайлауына түскен.

«Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында орналасқан республикалық штабтың жетекшісі Сергей Громовтың айтуынша, барлық округтерде кандидаттар «Нұр Отанмен» қатар басқа да партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден ұсынылған.

«1-қазаннан бергі жүргізілген үгіт жұмыстары өз нәтижесін береді деп ойлаймыз және біз көп депутат сайлай аламыз деп үміттенеміз», — деді ол.
XS
SM
MD
LG