Accessibility links

Жазушы-баспагер Серік Әбдірәйімұлы өмірден өтті


Жазушы-баспагер, «Санат» баспасының директоры, Д.Қонаев қорының вице-президенті Серік Әбдірәйімұлы ұзаққа созылған науқастан соң қайтыс болды.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Жалынды жастық шақ», «Күнді көлегейлеуге болмайды» кітаптарының, «Қаһарман — Нұрғиса», «Елу жыл ел ағасы» жинақтарының авторы қаламгер Серік Әбдірәйімұлы мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың «Өтті дәурен осылай», «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітаптарының әдеби нұсқаларын жазған.

Журналистік жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінен бастаған қаламгер түрік, орыс, эстон қаламгерлерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Серік Әбдірәйімұлы 1943 жылы 5-мамырда Жамбыл облысы, Талас ауданының Үшарал ауылында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы (бұрынғы С.М. Киров атындағы) ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің түлегі.

Қаламгермен қоштасу ертең, 27 қазанда сағат 10.00-де Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратында болады.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG