Accessibility links

Қажылыққа баратын қазақстандықтар саны бөлінген квотадан әлдеқайда аз


Биыл Сауд Арабиясына барып қажылық сапарын өтеу үшін екі мыңнан астам қазақстандық тапсырыс берді, — деп хабарлады Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының қажылық істері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Балтабай қажы Мекежанов.

— Қажыларды тіркеу 1-қарашаға дейін жалғасады, бүгінге дейін тіркелгендер саны, — деді ол.

Сауд Арабиясы биыл қазақстандық азаматтарға 4 мың адамдық квота бөлді.

Ал өз кезегінде Сауд Арабиясы Египет, Йемен, Иордания мен Бахрейн сияқты араб мемлекеттері біріккен шешімдерінде қажылық сапарына 12 мен 65 жас аралығындағы азаматтарға ғана рұқсат ететін шектеу қойды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, тәуап етушілер қажылық сапарының визасын алу үшін менингитке қарсы егуден өтуі тиіс. Сауд Арабиясы үкіметінің талабына сәйкес, барлық азаматтар A/H1N1 тұмауына қарсы егілгендіктері туралы анықтаманы көрсетулері керек. Сондай-ақ қажылыққа баратын қазақстандықтарға денсаулық жағдайлары туралы медицина мекемелері куәландырған сертификат беріледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG