Accessibility links

Тоғызқұмалақтан І Азия чемпионаты аяқталды


Тоғызқұмалақ федерациясы жетекшілерінің бірі Мақсат Шотаевтың Азаттыққа хабарлауынша, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласындағы тоғызқұмалақтан өткен І Азия чемпионаты аяқталды.

Жарыс қорытындылары бойынша, чемпионаттың 1-орнын ерлер арасында астаналық Айдос Сейтжанов, 2-орынды павлодарлық Серік Ақтаев, 3-орынды кентаулық Ғалымжан Темірбаев иеленді.

Ал қыздар арасында 1-орын павлодарлық ДианаКенина, 2-орынды қызылордалық Ә.Далиева, 3-орынды шымкенттік С.Сапарбековаларға бұйырды.

Командалық есепте ерлер арасында 1-орынды Қазақстан, 2-орынды Қырғызстан, 3-орынды Өзбекстан ойыншылары алған. Қыздар арасындағы командалық есепте де 1-орынды Қазақстан, 2-орынды Қырғызстан, 3-орынды Моңғолия тоғызқұмалақшыларына берілді.

«Бұл алғашқы чемпионат болғанымен, ойын өте жоғары дәрежеде өтті. Тоңызқұмалақтан ІІ Азия чемпионаты 2011 жылы Бішкекте өтеді, сондай-ақ 2010 жылы Астана қаласында алғашқы Әлем чемпионаты болады» , — деді Мақсат Шотаев.
XS
SM
MD
LG