Accessibility links

Гаагада Р.Караджичтің соты басталады


Дүйсенбі күні Гаага қаласында Босния сербтерінің бұрынғы көсемі Радован Караджичтің үстінен сот процесі басталуға тиіс. Оған 1990 жылдардың бірінші жартысындағы Босния соғысында істеген соғыс қылмыстары үшін айып тағылып отыр.
БҰҰ-ның Халықаралық трибуналының бас прокуроры Серж Брамерц адвокаттардың Караджичке істің материалдарымен танысуға жетерлік уақыт берілмеді деген уәждерін теріске шығарды.
Р.Караджич – халықаралық трибуналдан 13 жыл бойы жасырынып келді. Оны өткен жылдың шілдесінде Белградтың түбінен Сербияның қауіпсіздік қызметі қолға түсірді.
XS
SM
MD
LG