Accessibility links

МАГАТЭ Ирандағы тексерісін жалғастырады


Иранда сапарда жүрген халықаралық МАГАТЭ агенттігінің инспекторлары дүйсенбі күні Кум қаласының маңындағы уран шикізатын байытатын кәсіпорынды тексеруін жалғастыра алады.
Жексенбі күні 4 кісіден тұратын МАГАТЭ делегациясы кәсіпорында болып үлгерді. Бұл кәсіпорын халықаралық қоғамға қыркүйек айында ғана мәлім болып, Иран ядролық қару жасауды көздейді деген Батыстың күдігін күшейте түсті. Ресми Теһран ол күдікті сейілтуге тырысып келеді.
Өткен аптада Иран билігі өзінің ядролық бағдарламасына қажетті жақсы байытылған уранды елде шығармай, өзге елдерден сатып алу мүмкіндігі туралы ұсынысқа ертерек жауап беруге уәде берді. Бұл жобаны АҚШ пен Ресей және Франция қолдады.
XS
SM
MD
LG