Accessibility links

Орыс шекарашылары 16 грузинді тұтқындады


Грузин ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Оңтүстік Осетия шекарасына жақын Гремисхеви атты грузин ауылының 16 тұрғыны, оның ішінде 14 жастағы жеткіншек ауыл маңындағы орманда тұтқындалды. Олар Ленингори қаласына жеткізіліп, Оңтүстік Осетияның шекарасын заңсыз бұзды деген айып тағылып отыр. Олардың бірі үйіне телефон соғып үлгеріп, болған жайтты хабарлаған.
Тұтқындалғандардың туыстары мәлімдегендей, отын шабуға барған орман шекараның грузин жағында көрінеді.
Біздің Грузиядағы тілшіміздің хабарлауынша, грузин ауылдарының тұрғындарын «шекараны бұзды» және «заңсыз отын шапты» деген айыптармен бірінші рет тұтқындап отырған жоқ. Ламискан ауылының 6 тұрғыны бірнеше айдан бері Цхинвали түрмесінде отыр. Ресей мен Оңтүстік Осетияның келісімі бойынша, грузин-оңтүстік осетин шекарасын Ресей шекарашылары күзетеді.
XS
SM
MD
LG