Accessibility links

Ауғанстан: НАТО әскері құранды өртеген


Кабул қаласында шетелдік әскерилердің құранды қорлауына қарсы тұрғындардың наразылығы жалғасын тапты. Дүйсенбі күні парламентке қарай шерулеп өтпек болған студенттердің тобымен теке-тіресте 15 полицей жараланды. Студенттердің арасынан жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Жаппай наразылық жексенбі күні басталды. Ауғандықтардың мәлімдеулеріне қарағанда, Майдан-Вардак өлкесіндегі соғыс операциясы кезінде әскерилер құранның бір данасын өртеген. НАТО күштері басшылығының ресми өкілі наразылыққа арандатып отыр деп Талибан қозғалысын айыптап, ол мәлімдемені теріске шығарды.
XS
SM
MD
LG