Accessibility links

Дрезден: жүкті әйелдің қазасы бойынша іс қаралуда


Дүйсенбі күні Германияның Дрезден қаласында мысырлық аяғы ауыр әйелді өлтірген қылмыс бойынша сот процесі басталды. Бұл қылмыс исчлам елдерінде жаппай наразылық туғызды.

Сотқа жауапқа тартылған адам - Ресейден қоныс аударып келген тегі неміс кісі көрінеді.

Жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, сот мәжілісі осыдан бірнеше ай бұрын жүкті әйел өлтірілген сот залында өтіп жатыр. Күдікті Марве Әш-Шербиниді өзінің ар-ұжданы мен абыройын қорғауды өтінген шағымы қаралып жатқан кезде бірнеше рет пышақ салып өлтірген.

Оның алдында тұрмыстық керіс кезінде айыпталушы жүкті әйелді «террорист әйел» деп айыптаған.

Осы қылмыстан кейін бірқатар ислам елінде жаппай наразылық шығып, баспасөз құралдары мен саясаткерлер Германияны айыптады.
XS
SM
MD
LG