Accessibility links

«Республика» газетінің ісі бойынша сот шешіміне апелляциялық шағым қаралады


Бүгін Алматы қалалық сотында БТА банктің «Республика – деловое обозрение» басылымына қарсы талап-арызы бойынша сот шешіміне редакцияның берген апелляциялық шағымы қаралады.

Бұдан бұрынғы сот банктің газетке қатысты талабын толығымен қанағаттандырған еді. Бұдан кейін басылым тиражы баспаханадан шығар мезетте тұтқындалған-ды.

2009 жылдың 6-наурызында «Республика» газетінің 8-санында жарық көрген Мұхамеджан Әділовтің «Хрен редьки не слаще» атты мақаласы банктің 6 миллиард 770 мың теңге депозитінен және клиенттерінен айырылып қалуына тікелей әсер етті деп, сотқа шағым түсірген БТА банктің пайдасына шешім шығарған сот «Республика» газетін 60 миллион теңге айыппұл (400 мың АҚШ доллары шамасында) төлеуге міндеттеген болатын.
XS
SM
MD
LG