Accessibility links

Жовтис пен Кучуков Өскемен маңындағы колонияда


Дүйсенбі күні адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис пен «Время» газетінің тілшісі Тохнияз Кучуков Өскемен мағындағы ОВ 156/13 колония-қонысына жеткізілді деп хабарлады «Время» газеті.

Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасына қарасты осы колонияның басшысы Марат Мәкенов бұл екеуін мекемеге әкелгендігін және олар қазіргі таңда карантинде екендігін хабарлаған.

Жовтис және Кучуков осыдан шамамен екі ай бұрын жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер болды деген айыппен 4 жылға бас бостандықтарынан айрылған болатын.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG