Accessibility links

Қазақстан Парламенті жеке басқа қол сұғуды жазалайтын заң жобасын қарамақ


Қазақстан Парламенті мәжілісінің таяудағы отырысында жеке басқа қол сұғылмауды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы қаралады, — деп хабарлады депутат Рамазан Сарпеков.

Бұл заңнамада жеке салым мен ақша жинақтау, телефон әңгімелері мен хат алмасулар құқығы да қаралады. Парламентке үкімет ұсынған бұл заң жобасы «Азаматтардың құқын қорғау мен жеке басқа қол сұғылмау мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу» деп аталады.

Бұл заң жобасы бойынша жеке басқа қол сұғу қызметтік өкілдігін пайдалану арқылы жүзеге асырылғанда жария түрде бес жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу ұсынылады.
XS
SM
MD
LG