Accessibility links

Ресейде доңыз тұмауынан 2 адам құрбан болды


Ресейдің денсаулық сақтау бойынша билік орындары бүгін екі әйелдің доңыз тұмауынан қаза болғандығын растады.

Елдің бас эпидемиологы Геннадий Онищенконың мәлімдеуінше, 29 және 50 жастағы әйелдер шығыс Сібірдегі Чита қаласында құрбан болған. Олардан H1N1 вирусы болғандығы анықталған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Ресейде 1300-ден аса адам доңыз тұмауына шалдыққан.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG