Accessibility links

Караджичке қатысты сот қайта басталмақ


Босния сербтерінің бұрынғы көсемі Радован Караджич Гаагадағы сотқа бүгін де бойкот жариялайтынын айтты. Дүйсенбі күні ол сот мәжілісіне келмеген еді.

Караджичке 1992-1995 жылдарда болған Босния соғысында қылмыстар жасады, Сребреницада 8 мың ер азаматы мен ұлдарды өлтірді деген айыптар тағылып отыр. Караджич бұл айыптардың бәрін жоққа шығарды.

Радован Караджич халықаралық трибуналдан 13 жыл бойы жасырынып келді. Оны өткен жылдың шілдесінде Белградтың түбінде Сербияның қауіпсіздік қызметі қолға түсірді.
XS
SM
MD
LG