Accessibility links

Алматыда полицияға қарсы акция өтті


Полиция қазақстандық құқыққорғаушы Ермек Қойшыновты ұстап, оған қарсы әкімшілік іс қозғады.

Қойшынов "полиция биліктің қолшоқпарына айналмасын" деген ұранмен Алматы қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратының алдында сейсенбі күні жалғыз өзі пикет өткізбек болған. Құқыққорғаушының айтуынша, қазақстандық полиция саяси тапсырыстарды орындап отыр. Полиция халыққа қарсы әрекет етпей, заңда көрсетілген нақты қызметін атқаруы тиіс, дейді Қойшынов.

Құқыққорғаушының ісі бойынша сот сәрсенбіге белгіленді.
XS
SM
MD
LG