Accessibility links

Караджичтің соты оның қатысуынсыз басталды


Босния сербтерінің бұрынғы көсемі Радован Караджич Гаага қаласындағы сотқа бойкот жариялады. Дүйсенбі күні де ол сот мәжілісіне келмеген еді. Сейсенбіде Караджичке қатысты сот оның қатысуынсыз басталды.

Караджичке 1992-1995 жылдарда болған Босния соғысында қылмыстар жасады, Сребреницада 8 мың ер азаматы мен ұлдарды өлтірді деген айыптар тағылып отыр. Караджич бұл айыптардың бәрін жоққа шығарды. Радован Караджич халықаралық трибуналдан 13 жыл бойы жасырынып келді. Оны өткен жылдың шілдесінде Белградтың түбінде Сербияның қауіпсіздік қызметі қолға түсірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG