Accessibility links

Грузияның алғашқы президентінің ұлы тұтқындалды


Сейсенбі күні Тбилисиде Давид Баджелидзе деген адамға дене жарақатын түсірді деген күдікпен Грузияның алғашқы президенті Звиад Гамсахурдияның ортаншы ұлы Цотнэ Гамсахурдия тұтқынға алынды.

Бұдан бұрын кеудесі оқтан жарақаттанған Давид Баджелидзе ауруханаға жатқызылып, оған шұғыл операция жасалған болатын. Полиция бұл оқиғаға түсініктеме бермеген, бір ғана анығы, экс-президенттің ұлы мен жарақаттанушы жанжалдасып қалған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG