Accessibility links

Статистика агенттігінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс аяқталуға жақын


ҚР статистика агенттігі төрағасының орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаевтарға қатысты қылмыстық іс аяқталуға жақын, — деп хабарлады Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Мұрат Жұманбай бұл қылмысқа кеше қызметінен кеткен агенттік төрайымы Анар Мешімбаеваның қатысы бар ма деген сұраққа түсіндірме беруден бас тартты.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «КИІК Фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржанов маусымның 2-і күні жемқорлық жасады деген күдікпен осы фирманың бас директоры Александр Нысанов және ҚР статистика агенттігі төрағасының орынбасары Бірлік Меңдібаевтармен бірге қамауға алынған болатын.
XS
SM
MD
LG