Accessibility links

Кабулда БҰҰ-ның қызметкерлері опат болды


Сәрсенбі күні Кабулдың орталығындағы халықаралық қонақ үйіне жасалған шабуылдан БҰҰ-ның кемінде 6 қызметкері қаза тапты. Бұл шабуылдан сондай-ақ БҰҰ-ның 9 қызметкері жарақат алды.

Полицияның хабарлауынша, бұл оқиғада 3 шабуылдаушы мег екі ауған қауіпсіздік қызметкері және бір қарапайым ауған азаматы өлтірілген.

Шабуылға байланысты жауапкершілкті Талибан қозғалысы өз мойнына алып отыр. Тәліптер қарашаның 7-дегі президент сайлауының екінші сатысына кедергі жасаймыз деп ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG