Accessibility links

АҚШ өкілі Қазақстанда жүр


АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша орынбасары Джордж Крол Қазақстанға сапарын бастады. Крол сәрсенбі күні Алматыда қазақстандық азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті.

Бейсенбіде ол Астанада ресмилермен кездесіп, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мен екі жақты мәселелерді талқылайды. Кролдың сапары қазанның 31-не дейін созылмақ.
XS
SM
MD
LG