Accessibility links

Ингушетия президенті Қазақстан ресмилерімен кездесті


Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуров жетекшілігіндегі делегация Қазақстанға келді.

Сәрсенбі күні олар премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кездесті деп хабарланып отыр. Кездесу барысында екі жақ арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды делінген премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Оның алдында Ингушетия делегациясы Астанада сыртқы істер министрлігінің ресмилерімен кездескен. Енді олар Астанада ингушетиялық диаспора өкілдерімен жүздеспекші.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG