Accessibility links

ЕуроОдақтың Өзбекстанға қатысты шешімі сынға алынды


Халықаралық құқық қорғаушы топтар ЕуроОдақтың Өзбекстанға қарсы санкцияларды алып тастағандығын айыптап отыр.

Сейсенбі күні Люксембургта кездескен ЕуроОдақ сыртқы істер министрлерінің мәлімдеуінше, Өзбекстан үкіметін елдегі адам құқықтары жағдайы мен құқықтық норманы жақсартуға ынталандыру үшін қару-жараққа қатысты шектеулер тоқтатылған. Еуропа Одағының бұл шешімін "Хьюман Райтс Уотч", "Шекарасыз репортерлер", "Халықаралық дағдарыс тобы" ұйымдары сынады. Олардың айтуынша, Өзбекстанда адам құқықтары жағдай нашарлап барады.

Өзбекстанға қатысты санкциялар 2005 жылы үкімет күштері Әндіжан қаласында наразылық танытушыларға оқ атқан соң енгізілген болатын. Құқық қорғаушы белсенділердің айтуынша, Әндіжан оқиғасында жүздеген наразылық танытушы өлтірілген.

Еуропа Одағы энергия көздеріне қол жеткізу мақсатында Орталық Азия елдерімен арадағы қарым-қатынастарды жақсартуға әрекеттенуде.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG