Accessibility links

Ауғанстандық дипломаттың отбасы көлік апатынан зардап шекті


Ауғанстанның Қазақстандағы елшісінің кеңесшісі Моейн Моейннуддиннің отбасы өткен сейсенбі күні Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының аумағында болған көлік апатынан зардап шекті, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Елшілік қызметкерінің әйелі және екі қызымен бірге отырған Lexus көлігі Алматы - Астана тас жолының 324-шақырымында аударылып қалған.

Қазір 47 жастағы Моейн Моейннуддин мен оның қыздары Алматы ауруханаларының бірінде емделуде, дипломаттың әйелі ешқандай жарақат алмаған деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG