Accessibility links

Маңғыстау облысында Өзбекстанның жеті азаматы күйікке шалынған


Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Арай-2» ықшамауданында орналасқан жер үйде газдың жарылуы салдарынан Өзбекстанның жеті азаматы ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

28 қазанда табиғи газдың шығуы салдарынан болған жарылыстың соңы өртке ұласқан, 40 шаршы метр аумақты шарпыған өрттен Өзбекстанның 23 пен 49 жас аралығындағы жеті азаматы күйікке шалынып, ауруханаға түскен.


XS
SM
MD
LG