Accessibility links

Пешауардағы теракт құрбандарының саны 105-ке жетті


Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешауар қаласында орын алған террорлық шабуыл құрбандарының саны 105-ке жеткен. Бұл туралы хабарлаған қалалық госпитальдің мәліметінше, құрбан болған 71 адамның кім екені анықталған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сәрсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Пәкістанға үшкүндік сапармен келгеннен кейін Пешауардағы қалалық базардың жанында жарылғыш зат қойылған көлік жарылған еді.
XS
SM
MD
LG