Accessibility links

Клинтонның Пәкістанға сапары жалғасуда


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Пәкістанға сапарын одан әрі жалғастырды.

Сәрсенбі күні Пешауар қаласында орын алған жарылысқа байланысты елде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Клинтон бейсенбіде Пәкістанның шығысындағы Лахор қаласына барып, мешітке кірді және студенттермен кездесті. АҚШ мемлекеттік хатшысы Пәкістанға үшкүндік сапарын сәрсенбіде бастаған болатын. Дәл сол күні елдің солтүстік-шығысындағы Пешауарда көліп жарылып, кемінде 105 адам қаза тапты.

Клинтонның айтуынша, оның сапары Пәкістанмен қарым-қатынастардағы жаңа кезеңді бастауға бағытталады. АҚШ Әл-Қаида мен Талибанға қарсы күресте Пәкістанның қолдауына ие болуды көздейді дейді сыншылар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG