Accessibility links

Ауғанстанда көбірек сайлау орталықтары ашылмақ


Ауғанстандағы сайлау ресмилерінің айтуынша, алдағы айда өтетін президент сайлауының екінші сатысында тамыз айындағы сайлаумен салыстырғанда дауыс беру орталықтары көбірек болмақ.

Тәуелсіз сайлау комиссиясының басшысының орынбасары Зекрия Баракзайдың мәлімдеуінше, қарашаның 7-дегі дауыс берулерде комиссия 6322 сайлау орталығын ашпақ. Тамыз айында олардың саны 6167 болған.

Сайлаудың бірінші кезеңіндегі шағымдарды қараған халықаралық тергеушілер миллионнан аса дауыстарды заңсыз деп таныған еді.

Сайлаудың екінші сатысына қазіргі президент Хамид Карзай мен оның негізгі қарсыласы бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла түседі. Абдулла үкімет тағайындаған сайлау комиссиясын дауыс берулердегі заңбұзушылықтарға қатысы бар деп айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG