Accessibility links

Ауғанстандағы жер сілкінісінің әсері Таразда байқалды


Ауғанстанда бейсенбінің кешінде орын алған жер сілкінісінің әсерінен Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз қаласында жер асты дүмпулері байқалды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының мәліметінше, Ауғанстанда 29-қазан күні кешке болған жер сілкінісінің энергетикалық класы К=14,8-ге тең.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 926 шақырым жерде болған.

Ал осының әсерінен Таразда байқалған жер асты дүмпуі MSK-64 бағанымен өлшегенде 3 балл шамасында делінген, құрбан болғандар жоқ деп хабарланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG