Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысы өтпек


Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Шымкентте экономиканы жетілдіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысы болады, бұған үкімет мүшелері, парламент депутаттары мен Оңтүстік Қазақстан облысы бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатыспақ.

Отырыстың түске дейінгі уақытқа белгіленген бөлігінде мемлекеттік бағдарлама аясында фармацевтика саласын дамыту мәселесі талқыланады. «Химфарм» АҚ-да өтетін бұл отырысқа премьер-министр Кәрім Мәсімов қатысады деп күтілуде.

Ал түстен кейін мемлекеттік комиссияның мүшелері оңтүстік аумақтың аграрлық және туристік кешендерін дамытуды талқылайды.
XS
SM
MD
LG