Accessibility links

Пан Ги Мун Ауғанстандағы БҰҰ өкілдерінің күзетін күшейтуге шақырды


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун ұйымның Ауғанстандағы қызметкерлерін қорғауда жедел шаралардың қажеттілігін мәлімдеді.

Оның пікірінше, осы елдегі БҰҰ өкілдерінің күзеті күшейтілуі керек, бұл шара 7-қарашаға белгіленген президент сайлауының екінші кезеңі қарсаңында әсіресе маңызды.

Жақында ғана Кабулдағы БҰҰ қонақ үйіне жасалған тәліптер шабуылынан осы халықаралық ұйымның 5 қызметкері құрбан болды.

Пан Ги Муннің айтуынша, биыл дүние жүзі бойынша көз жұмған БҰҰ-ның 27 мүшесінің көбі Ауғанстан мен Пәкістанда құрбан болған.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG