Accessibility links

Алматыдағы құрылыс нысанында краншы қаза болды


Алматы қалалық құтқару қызметінің хабарлауынша, қалада 54 метр биіктіктен құлап бір краншы қаза тапқан.

Қайғылы жағдай бейсенбі күні сағат 13.40-та Бостандық ауданындағы Торайғыров көшесінде орын алған. «Төле би Тау» құрылыс нысанында белгісіз себеппен 54 метр биіктіктен құлап қалған 29 жастағы краншы жедел жәрдем келіп жеткенше оқиға орнында көз жұмған.

Оқиғаның себептерін анықтаумен Бостандық АІІБ мен еңбекті қорғау департаменті айналысуда.
XS
SM
MD
LG