Accessibility links

«Астана-Финанс» Қазақстан қор биржасының мүшелігінен алынып тасталды


KASE биржалық кеңесінің шешімімен «Астана-Финанс» холдингтік компаниясы бүгіннен бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) мүшелерінің тізімінен алынып тасталды.

Қазақстан қор биржасы таратқан хабарламаға сәйкес, енді «Астана-Финанс» АҚ қор биржасы арқылы сатылым жасай алмайды.

Қазақстанның банктік емес ұйымдары арасындағы қаржылық қызмет көрсету нарығындағы көшбасшыларының бірі саналатын «Астана-Финанстың» биылғы жарты жылдықтағы таза шығыны 469,8 миллион долларды құраған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG