Accessibility links

Иран ядролық келісімнің негізгі элементін қабылдамады


Батыс бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран БҰҰ қолдап отырған ядролық келісімнің негізгі бөлімін қабылдамаған көрінеді.

Бейсенбі күні Иран Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікке ұсынылған келісім жобасына байланысты өз жауабын қайтарған болатын. Халықаралық агенттік оны бастапқы жауап деп сипаттады.

Бірақ батыс елдеріндегі бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ пен Еуропа дипломаттарының айтқандарын келтіре отырып, Иран жоспардың басты элементін қабылдамады деп хабарлады. "Нью Йорк Таймс" басылымының жазуынша, Еуропаның жоғары лауазымды ресми өкілі Иранның жауабы "негізінен бас тартуды" білдіреді деген.

Келісім жобасына сәйкес, Иран өзіндегі уранның басым бөлігін Ресей мен Францияға тасымалдап, Теһрандағы зерттеу реакторы үшін ядролық отын жасауы тиіс болатын.
XS
SM
MD
LG