Accessibility links

Клинтон Пәкістан билігін сынады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның пікірінше, Пәкістан билігі лаңкестік "Әл-Қаида" ұйымының жетекшілерін тұтқындау мақсатында жеткілікті дәрежеде жұмыс атқармай отыр. Бұл туралы ол Пәкістанның Лахор қаласында өткізген баспасөз маслихатында мәлімдеді. "Әл-Қаида" жетекшісі Усама бин Ладен мен оның кеңесшілері Ауғанстанмен шекаралас Пәкістан жерінде жасырынып жүруі мүмкін делінеді.

Клинтон Пәкістанға сапарын сәрсенбі күні бастады, дәл сол күні бұл елдің Пешауар қаласында лаңкестік шабуыл жасалып, кемінде 105 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG