Accessibility links

БҰҰ комитеті Ресейдің адам құқықтары жағдайын сынады


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетінің мәлімдеуінше, Ресей журналистер мен белсенділерді және қамаудағы тұтқындарды қорғай алмай отыр.

Тәуелсіз сарапшылардан құрылған панелдің жұма күнгі баяндамасында Ресейдегі журналистер саяси себептермен сотқа тартылып, түрмеге жабылуда, ал бұл өз кезегінде өзге де журналистердің сыни мақала жазуына кедергі болуда делінген. БҰҰ комитеті сондай-ақ Ресей үкіметін жеккөрушілік пен нәсілшілдік негізіндегі шабуылдарды тоқтату мақсатында шара қолдануға шақырып отыр.

Сонымен қатар әлгі баяндамада Шешенстан мен Солтүстік Кавказдың басқа да аймақтарындағы адам құқықтары жағдайы сынға алынған.
XS
SM
MD
LG