Accessibility links

Ауғанстан: Қарзай мен Абдулла келіссөз өткізді


Ауғанстанда президент Хамид Қарзай мен президент сайлауындағы оның қарсыласы, бұрынғы сыртқы істер министрі доктор Абдулланың арасындағы келіссөз, хабарға қарағанда, нәтижесіз аяқталды.
Сонымен бірге Батыс баспасөзінің бейресми ақпарат көздерінен алған бұл хабарын растайтын ресми хабарлама жоқ.
Келіп жатқан хабарларға қарағанда, егер сайлауды әділ өткізу үшін өзі қойған шарттар орындалмаған жағдайда доктор Абдулла президент сайлауының екінші турына байкот жариялауы мүмкін көрінеді. Осы шарттардың бірі – Ауғанстанның сайлау комиссиясының төрағасы Азизулла Лудинді қызметінен алып тастау болатын.
Президент сайлауының екінші туры 7 қарашада өтуге тиіс. Бірінші турда жаппай заңсыздыққа кең жол берілді.
XS
SM
MD
LG