Accessibility links

«Берлин қабырғасының» құлағанына 20 жыл толады


Сенбі күні Германия астанасында Берлин қабырғасының құлауына 20 жыл толуына арналған салтанатты шара өтеді. Салтанатты шараға екі Германияны қайта біріктру ісінде шешуші рөл атқарған АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен-Джордж Буш, Германияның бұрынғы федералдық канцлері Гельмут Коль, келмеске кеткен СССР-дың бұрынғы президенті Михаил Горбачев қатысады. Берлиндегі бұл шараға Германияның қазіргі канцлері Ангела Меркель мен неміс президенті Хорст Келлер де қатысады.
Берлин қабырғасының құлауы мен екі Германияныцң қосылуына ерекше үлес қосқан Францияның экс-президенті Франсуа Миттеран 1996 жылы марқұм болса, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарэт Тэтчер денсаулығына байланысты келе алмайды.
Берлин қабырғасы – қырғиқабақ соғыстың ең әйгілі рәмізі болып келіп, 1989 жылдың 9 қарашасында қиратылды.
XS
SM
MD
LG