Accessibility links

Иран МАГАТЭ-ге жауап беруге асықпайды


Ресми Теһран өзінің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жанжалды үйлестіруді көздейдін әрі МАГАТЭ агенттігі қолдаған жоспарға қатысты жауабын әлі берген жоқ. Ол туралы жұма күні Иранның ақпарат агенттіктері хабарлады. Баспасөз агенттіктерінің мәліметіне сәйкес, Иран басшылығының осы аптада МАГАТЭ-ге келіп түскен хатында жаңа халықаралық жоспарға ресми Теһранның дұрыс қарайтыны ғана және келіссөзді жалғастыруға әзір екені айтылыпты.
Жұма күні Ақ үйдің ресми өкілі Роберт Гиббс мәлімдегендей, жауап беруі үшін Теһранға берілген уақыт шектеулі.
МАГАТЭ-нің әлгі жоспарына бойынша, Иран аз байытылған уран шикізатының басым бөлігін жақсы байыту үшін өзге елдерге беруге тиіс. Алайда, Иран баспасөзі хабарлағандай, Теһран уран шикізатын бірден және түгел емес, саты-сатылап беретін жаңа шарт қойып отыр.
XS
SM
MD
LG