Accessibility links

Украинаға «доңыз тұмауы» қатер төндірді


Украинада H1N1 немесе «доғыз тұмауының» құрбандары 34-ке жетті. Денсаулық сақтау министрі Василий Князевич мәлімдегендей, көз жұмғандардың екеуі – сәбилер. Сондай-ақ ол хабарлағандай, осы вирустың нышандары байқалған 80 мың адам тіркелді.
Денсаулық сақтау министрінің мәліметіне сәйкес, тұмаудың эпидемиясы Батыс Украинадан елдің орталық аймақтарына қарай жайылып келеді.
Одан бұрын Украинаның ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері бойынша хатшысы Раиса Богатырева Украинаның осы дертке қарсы күресу үшін халықаралық қауымдастықтан көмек сұрайтынын хабарлаған болатын.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG