Accessibility links

Б.Обама Ақ үйдің тағы бір саясатын өзгертті


БҰҰ мүшелерінің басым көпшілігі қару-жарақтың дүниежүзілік саудасын үйлестіру туралы келісімге келу жолындағы келіссөзді жалғастыруға келісті.
Хабарға қарағанда, мұндай шешімді қару-жарақ экспортынан жетекші елдер, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия қолдаған болса, қару сатушы тағы екі ірі ел – Ресей мен Қытай – бұл шешімге дауыс беруден бас тартты.
БҰҰ-ның қарусыздандыру комитетінде жұма күнгі дауыс берудің нәтижесінде 153 ел қолдаса, 19 мемлекет, оның ішінде Ресей, Қытай, Үндістан және Пәкістан қалыс қалды. Жалғыз Зимбабве қарсы дауыс берді.
Кеіссөзді жалғастыру жөніндегі осындай келісімге келу туралы АҚШ президенті Барак Обаманың бастамасы бұрынғы президент Джордж Буш бастаған алдыңғы АҚШ әкімшілігінің саясатын өзгертеді.
Джордж Буш онда йкелісімге келуге қарсы болып келді.
XS
SM
MD
LG