Accessibility links

Астанада теннистен халықаралық турнир басталады


Бүгін Астанада Қазақстан президентінің кубогы үшін Челленджер АТР сериялы халықаралық теннис турнирі басталады, — деп хабарлады Қазақстанның теннис федерациясы.

7-қарашаға дейін жалғасатын турнирге әлемнің 20 елінің спортшылары қатысады, бұл жолы Қазақстанның атынан Сырым Әбдіхалықов, Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Юрий Щукин, Алексей Кедрюктер сынға түседі.

Биылғы Қазақстан президенті кубогының сыйлық қоры 125 мың долларды құрайды.

Челленджер АТР сериялы халықаралық туры Кәсіби теннисшілер ассоциациясының басшылығымен өткізілетін кәсіби теннисшілердің сайысы.
XS
SM
MD
LG