Accessibility links

Қазақ журналистерінің халықаралық І форумы өткізілмек


Биылғы жылы желтоқсан айының басында Астанада қазақ тілді журналистердің халықаралық І форумы өткізіледі деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, алқалы жиынға 200-ге жуық адам қатыспақ, олардың арасында Қазақстанда тіркелген ақпарат құралдарымен қатар Ресей, Өзбекстан, Моңғолия және Еуропадағы қазақ тілінде хабар тарататын БАҚ өкілдері де форумға шақырылып отыр.

Форумда қазақ журналистикасының қазіргі жай-күйі мен қордаланған мәселелері талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылмақшы. Сондай-ақ форумға қазақ журналистерімен қатар билік өкілдерін де шақыру жоспарланып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG