Accessibility links

"Свобода" радиосының Мәскеудегі бюросының редакторы қайтыс болды


Бүгін Мәскеуде "Свобода" радиосының ("Азат Еуропа / Азаттық" радиосының Орыс редакциясы) Ресей астанасындағы бюросының редакторы Владимир Бабурин 48 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

МГУ журналистика факультетін бітіген Владимир Бабурин СССР Мемлекеттік телерадиокомитетінде, Ресей радиосы мен телеарнасында, «Немецкая волна» радиостанциясында қызмет істеген.

Ал "Свобода" радиосында 1995 жылғы тамыз айынан бері жұмыс істеген Владимир Бабурин «Время гостей» және «Лицом к лицу» бағдарламаларын жүргізді.
XS
SM
MD
LG