Accessibility links

Британия мен Ресей келіссөз өткізді


Британия сыртқы істер министрі Дэвид Милибэнд пен Ресей сыртқы істер министрі бүгін Мәскеуде екі ел арасындағы қарым-қатынастарын дамыту мәселелерін талқылады. Милибэнд соңғы 5 жылда Ресейге сапар жасап отырған Британияның алғашқы сыртқы істер министрі.

Ресей мен Британия қарым-қатынастары бұрынғы ресейлік қауіпсіздік қызметкері Британия азаматы Александр Литвиненконың өліміне байланысты шиеленісе түскен болатын. Литвиненко 2006 жылы Лондонда уланып, қаза болған еді.

Ресей осы істегі негізгі күдікті Андрей Луговойды Британияға тапсырудан бас тартқан болатын. Ал Британия сотқа тартылған кәсіпкер Борис Березовский сияқты бірнеше азаматты Ресейге бермей отыр.

Милибэндтың айтуынша, ортақ проблемаларды шешу үшін Ресей мен Британия бірге жұмыс істеуі тиіс.

Шешілмеген мәселелерге қарамастан екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастар дамуда деді Лавров.
XS
SM
MD
LG