Accessibility links

Байден мен Барзани Ирақта сайлау заңын мақұлдауға шақырды


Ирақтағы күрд билік орындарының айтуынша, АҚШ вице-президенті Джо Байден мен ирақтық Күрдістан президенті Массуд Барзани Бағдадта сайлау туралы негізгі заң мақұлдануы тиіс деп мәлімдеген.

Елдің солтүстігіндегі күрдтер аймағының үкіметінің хабарлауынша, Байден мен Барзани жексенбі күні телефон арқылы сөйлескен.

Қаңтардың 16-на белгіленген парламенттік сайлаулар әлгі заң төңірегіндегі жағдайдың тығырыққа тірелуіне байланысты кейінге қалдырылуы мүмкін деген алаңдаушылықтар айтылып жатыр.
XS
SM
MD
LG