Accessibility links

Дүйсенбіде Қазақстан аумағында екі жер сілкінісі болды


Бұл туралы сейсенбі күні Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының мәліметінше, алғашқы жер асты дүмпуі 11 сағат 44 минутта эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығыс бағытқа қарай 490 шақырым жерде, Жоңғар Алатауы жотасында орын алған. Энергетикалық класы К=9,9-ға тең болған бұл жер сілкінісінің әсері 2 балл көлемінде Үшаралда байқалған.

Дәл осы күні 14 сағат 35 минутта Тарбағатай жотасында да энергетикалық класы К=10 шамасындағы жер сілкінісі болып, оның салдары шекара заставасы орналасқан аумақта сезілген. Құрбан болғандар мен қираған ғимараттар жоқ деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG