Accessibility links

Астанада заңсыз жүрген 206 шетелдік ұсталды


Астана қалалық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының бастығы Құсайын Сандыбаевтың хабарлауынша, қалада жүргізілген бір күндік «Мигрант» атты жедел-профилактикалық шараның барысында 206 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Түрлі нысандар, оқу орындары мен көпшілік орындарды тексеру барысында анықталған шетелдіктердің 10-ы елден шығарылып, 21 адам аты-жөні мен азаматтығын анықтау үшін ІІД-нің қабылдау бөліміне қамалған.

Қазақстан аумағын заңсыз мекендеушілерді анықтау мақсатындағы аталған шара 11-қарашаға дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG