Accessibility links

Пәкістанда екі жарылыс болды


Пәкістанда екі жарылыс орын алды. Дүйсенбі күні Рауалпиндиде қарулы күштердің штаб-пәтері жанындағы банктің алдында болған алғашқы жанкештілік шабуылдан 35 адам қаза тапты. Бұл жарылысқа байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады.

Бірнеше сағаттан кейін елдің шығысындағы Лахор қаласында полиция бекетінде бір жанкешті кісі өзін-өзі жарып жіберіп, кемінде 7 полиция қызметкерін өлтірді.

Пәкістан президенті мен бірқатар ресмилер бұл шабуылдарды айыптап, Оңтүстік Вазиристанда Талибанға қарсы шабуылдарын жалғастыратындарын хабарлады.
XS
SM
MD
LG