Accessibility links

Пхеньян плутоний жұмысын аяқтағанын айтып отыр


Солтүстік Корея ядролық қару жасау үшін плутонийге қол жеткізу мақсатында шамамен 8 мың уран желісін қайта өңдегенін хабарлады. Мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл жұмыс елдің Йонбен реакторында тамыздың соңына дейін аяқталған.

Пхеньян осы жылдың басында өзінің ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық келіссөздерге қатысудан бас тартқан болатын. Оның алдында Батыс елдері Солтүстік Кореяның зымыран сынақтарын айыптаған еді. Мамыр айында Пхеньян тағы бір зымыранын тәжірибеден өткізді.

2007 жылы АҚШ, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея мен Жапония елдерімен арада жасалған келісімге сәйкес, Пхеньян өзінің ядролық нысандарының басым бөлігін жапқан болатын. Бірақ Оңтүстік Корея ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Пхеньян Йонбен ядролық кешенін толық қалпына келтірген көрінеді.
XS
SM
MD
LG