Accessibility links

Ресей-АҚШ келіссөздері алдағы аптада жалғаспақ


Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, АҚШ-пен арадағы Стратегиялық қаруларды азайту туралы келісімге қатысты келіссөз қарашаның 9-да жалғаспақ. Қазіргі келісімнің мерзімі желтоқсанның 5-де аяқталмақ.

Шілде айында АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведев әлгі келісімді жаңартуға келіскен болатын. Кремлдің сыртқы саясат бойынша кеңесшісі Сергей Приходконың айтуынша, өткен айда Женевадағы келіссөзден кейін екі жақ бұл мәселеге байланысты алғабасушылықтар жасаған.
XS
SM
MD
LG